Шымкентте көпқабатты үйдегі үш пәтерден бірнеше адамның денесі табылды
Жарияланған күні:
Шымкентте көпқабатты үйдегі үш пәтерден төрт адамның денесі табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы жағдайға газдан улану себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar-ға сілтеме жасап.
Телеарнаның хабарлауынша, пәтерлердің бірінде 32 жастағы әйел мен 16 жастағы қыз көз жұмған.
Көрші пәтерден 24 жастағы ер адамның денесі табылды, ал үшінші қабаттағы жалға берілетін пәтерде студент көз жұмды.
Құтқарушылар пәтерлердің есігін бұзуға мәжбүр болды.
Тұрғындардың айтуынша, тұрғын үйдің газ жүйесінде бұрыннан ақау болған.
Қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісінде газ иісі шыққан. Тұрғындар өздерін нашар сезінгенін айтып, шағымданған.
Полиция "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмысты орындау немесе қызмет көрсету салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізілуде.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2350446-shymkentte-kopqabatty-uidegi-ush-paterden-birneshe-adamnyng-denesi-tabyldy/