jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Қар жеп күн көрген": Абай облысында құтқарушылар 5 күн бойы далада жатқан малшыны құтқарды (видео)

    Абай облысында далада жатып қалған малшы
    Абай облысында далада жатып қалған малшы. Скриншот видеодан: t.me/qr_tjm

    Абай облысында құтқарушылар жарақаттанып, 5 күн бойы далада жатқан малшыны құтқарып қалды. Ол осы уақытқа дейін қар жеп жан бағыпты, деп хабарлайды ведомствоның Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    17 наурыз күні 1969 жылы туған ер адам Абай облысының Абай ауданындағы шаруа қожалығынан мал іздеуге атпен шығып, қайта оралмаған. Оның орналасқан жері белгісіз болып, телефоны сөндірулі болған.

    Іздеу жұмыстарына жоғары өтімді техникамен ТЖМ күштері, полиция қызметкерлері және туыстары жұмылдырылды.

    "Бүгін таңертең іздеу тобы ер адамды далада тауып алды. Малшыға ыстық шай беріліп, жарақаттанған аяғы таңылып, медициналық көмек көрсету үшін Ақшоқы ауылына жеткізілді.

    Белгілі болғандай, бес күн бұрын ол далада жатқан атты байқап қалған. Жануарды тұрғызуға көмектеспек болған сәтте ер адам аттың астында қалып, аяғын сындырып алған. Осыдан кейін ат иесінен алыстап кеткен, ал ол далада жалғыз қалған. Осы уақыт бойы ол қар жеп күн көрген.

    ТЖМ ескертеді: алыс аймақтарға шыққанда міндетті түрде байланыс құралдарын алып жүру, бағытыңызды хабарлау және жалғыз жолға шықпау қажет", - делінген ведомство хабарламасында.

    "Қар жеп күн көрген": Абай облысында құтқарушылар 5 күн бойы далада жатқан малшыны құтқарды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.