Ақтөбе облысында жоғалған 10 жасар оқушыны құтқарушылар өзеннен іздеп жатыр (видео)
Жарияланған күні:
Ақтөбе облысында кеше кешке үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған 10 жасар Мансұр Саматовты құтқарушылар өзеннен іздеп жатыр. Бұл туралы өңірлік ПД хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында жоғалған мектеп оқушысын іздеу жұмыстарына полициямен қатар кинологтар, сүңгуірлер жұмылды.
"29 наурыз күні кешкілік Мартөк аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 2016 жылы туған баланың жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, бала суға құлап кетуі мүмкін. Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, құтқарушылар, оның ішінде сүңгуірлер, жылу камерасымен жабдықталған ұшқышсыз ұшу аппараттары, кинолог, арнайы техника және тікұшақ жұмылдырылды.
Сондай-ақ жергілікті тұрғындар мен әскери қызметшілер тартылған. Елек өзенінде катерлермен патрульдеу жүргізіліп жатыр. Іздеу жұмыстары жалғасады", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2359551-aqtobe-oblysynda-zhogalgan-10-zhasar-oqushyny-qutqarushylar-ozennen-izdep-zhatyr/