Павлодарда кранда машинист болып жұмыс істейтін әйел 15 метр биіктіктен құлап кетті
Жарияланған күні:
Павлодардағы кәсіпорындардың бірінде кран машинисі 15 метр биіктіктен құлап кетті. Әйел ауыр жарақат алып, қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды "Ирбис TV".
Оқиға 30 наурызға қараған түні болған. Зардап шегуші көптеген жарақат алған: аяқтары, жамбас сүйектері, қабырғалары және шонданай сүйегі сынған, сондай-ақ миы шайқалған.
№1 қалалық аурухана өкілдері әйелдің жансақтау бөлімінде жатқанын жеткізді. Жағдайы ауыр, тұрақты. Науқас есін біледі, бірақ өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратына қосылған. Уақытша бекіту аппаратын орнату бойынша ота жасалды.
"Мән-жайлар мен себептері анықталуда", - деп хабарлады Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті өкілі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2361157-pavlodarda-kranda-mashinist-bolyp-zhumys-isteitin-aiel-15-metr-biiktikten-qulap-ketti/