jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Түркістан облысында суға батып кеткен екі жасар баланың денесі табылды

    бөбек
    Сәби. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Түркістан облысы Сайрам ауданы Машат ауылында суға батып кеткен екі жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның Telegram-дағы арнасына жарияланған мәлімет бойынша, 2026 жылғы 4 сәуірде Машат өзенінде жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында ТЖМ жедел құтқару жасағының қызметкерлері 2024 жылы туған баланың денесін тапқан.

    Алдын ала мәлімет бойынша, бала 31 наурыз күні өзенге құлап кеткен.

    Іздестіру жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізілген. Нәтижесінде баланың денесі оқиға орнынан шамамен 7 шақырым төмен жерден табылған.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында ойнап жүріп, суға құлап, батып кеткен екі жасар бүлдіршін іздестіріліп жатқанын жазған едік.

    Түркістан облысында суға батып кеткен екі жасар баланың денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.