Ағаштан мысықты түсірмек болған: Павлодарда ер адам биіктен құлап, қайтыс болды
Жарияланған күні:
Павлодарда ағаштан мысықты түсірмек болған ер адам биіктен құлап кетіп, ауруханаға жеткізілген, алайда көптеген жарақат алған тұрғын қайтыс болған.
Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған мәлімет бойынша, 50 жастағы ер адам Орталық өнеркәсіп аймағында шамамен 6 метр биіктіктен құлаған.
Белгілі болғандай, ол ағаштан мысықты түсірмек болған. Әртүрлі сынықтармен және шок жағдайында пациент Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілген.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған Pavlodarnews.kz-тің жазуынша, ер адам жағдайының ауырлығына байланысты қарқынды терапия бөліміне жатқызылған.
Алайда жүргізілген шараларға қарамастан, пациент алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2362296-agashtan-mysyqty-tusirmek-bolgan-pavlodarda-er-adam-biikten-qulap-qaitys-boldy/