jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Астанада 21 қабатты тұрғын үйден өрт шықты: үш бала көз жұмды (видео)

    Астанадағы өрт
    Астанадағы өрт. Кадр видеодан: instagram.com/v_astane_official

    Өткен түнде Астана қаласы Есіл ауданындағы 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шықты. Салдарынан бір әйелді күйік шалған. Сондай-ақ пәтерден үш баланың денесі табылған, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ТЖМ мәліметінше, хабарлама түскеннен кейін ТЖМ күштері мен құралдары оқиға орнына жедел жеткен. Алғашқы бөлімшелер келген кезде пәтерде ашық жану орын алғаны анықталған.

    "Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден күйік алған әйел құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Ол №1 Көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнынан үш кәмелетке толмаған баланың денесі табылды", - делінген хабарламада.

    Одан бөлек, өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттардан 20 адамды эвакуациялады, тағы 40-қа жуық адам ғимараттан өз бетінше шықты. Өрт толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    Сондай-ақ әкімдік мәліметінше, зардап шеккен әйелге және қаза болғандардың отбасына қажетті жан-жақты көмек көрсетіледі. Жағдай бақылауда.

    Астанада 21 қабатты тұрғын үйден өрт шықты: үш бала көз жұмды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.