jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматы тауларында жасөспірім жартастан құлап кеткен: құтқарушылар оқиға орнына 2,5 сағатта жетті

    Құтқарылған жасөспірім
    Құтқарылған жасөспірім. Фото: t.me/qr_tjm

    Алматы қаласы Бостандық ауданында Алма-Арасан шатқалындағы Терра алаңы жасөспірім жартастан құлап, аяғын жарақаттаған. Оқиға куәгерлері құтқарушылардан көмек сұраған. Бұл туралы ТЖМ хабарлады.

    Хабарлама түскеннен кейін ҚР ТЖМ "Барыс" республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметімен бірлесіп оқиға орнына жедел түрде шықты. Алма-Арасан пансионаты маңына жеткен соң, олар жолды жаяу жалғастырды. Таулы аймақпен көтерілу шамамен 2,5 сағатты алды.

    Құтқарушылар зардап шеккенді жедел түрде тауып, оның 15 жастағы жасөспірім екенін анықтады. Оған қажетті көмек көрсетіліп, тасымалдау жұмыстарын бастады.

    Жасөспірім эвакуацияланып, Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды.

    Алматы тауларында жасөспірім жартастан құлап кеткен: құтқарушылар оқиға орнына 2,5 сағатта жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.