jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    ШҚО-да сапбордпен сырғанау кезінде суға батып кеткен жігіттің денесі табылды

    сапборд
    Сапборд. Иллюстрациялық фото: Karl-Josef Hildenbrand/Getty Images

    ШҚО-да сапбордпен сырғанау кезінде суға батып кеткен жігітті іздеу жұмыстары аяқталды. Құтқарушылар марқұмның денесін тапқан, деп хабарлайды облыстық ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, Ұлан ауданындағы Шалқар көлінде ШҚО ТЖД сүңгуірлері сапбордпен сырғанау кезінде суға батып кеткен 2001 жылғы азаматтың денесін тапқан.

    Құтқарушылардың хабарлауынша, марқұм құтқару кеудешесінсіз сырғанаған. Оның денесі көл жағасынан 200 метр қашықтықтан, 20 метр тереңдіктен табылған.

    ТЖД-ның мәліметінше, 1 мамырдан бастап өңірде ТЖД күштері мен құралдарын тарта отырып, іздестіру жұмыстары жүргізілген.

    Сүңгуірлер су айдынын зерттеп, 59 рет суға сүңгіген. Жағалау сызығы мен су айдынын зерттеу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары, сондай-ақ эхолоттар қолданылған. Іздеу жұмыстарын көлдің терең болуы қиындатқан.

    ТЖМ тұрғындарға су айдындарының жанында және жүзу құралдарын пайдаланған кезде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салды.

    ШҚО-да сапбордпен сырғанау кезінде суға батып кеткен жігіттің денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.