jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қарағандыда екі бала терезеден құлап кетті

    Терезе жанында тұрған балалар
    Терезе жанында тұрған балалар. Көрнекі сурет: Mariyariya/Getty Images

    Қарағандыда екі бала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Оқиға 17-ықшамауданда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірдің Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

    "Қараусыз қалған 2021 және 2024 жылғы екі ұл бала бес қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Балалар әр түрлі жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

    Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті оқиға кезінде үйде ересектердің болмағанын атап өтті.

    Жыл басынан бері облыста 10 бала терезеден құлап кеткен.

    Департамент ата-аналар мен заңды қамқоршыларды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды:

    • балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
    • москит торына сенбеңіз — олар баланың салмағына төтеп бере алмайды;
    • терезелерге арнайы бекіткіштер мен блокираторларды орнатыңыз;
    • баланың терезеге өрмелеп шығуына мүмкіндік беретін жиһаздарды терезе жанына қоймаңыз.
    Қарағандыда екі бала терезеден құлап кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.