Шахтинскіде мотоциклге жанармай құймақ болған жасөспірім тірідей жанып кетті
Жарияланған күні:
Қарағанды облысының Шахтинск қаласында мотоциклге жанармай құймақ болған жасөспірім тірідей жанып кетті. Тағы екі бала дене күйігін алып, ауруханаға жеткізілген.
Baq.kz хабарлауынша, төтенше жағдай 19 мамырда Жастар (Молодежная) көшесіндегі гараждардың бірінде болған.
"2026 жылғы 19 мамырда сағат 20:27-де Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Жастар (Молодежная) көшесіндегі гараждардың бірінде өрт шықты. Гараж ішіндегі шатырдың ағаш қаптамасы, қолданыста болған ескі заттар және екі мотоциклдің жанатын бөліктері өртеніп кеткен.
Жалынның жалпы аумағы 20 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіру барысында оқиға орнынан 2008 жылы туған баланың күйік шалған мәйіті табылды. Сондай-ақ денесін өрт шарпыған 2008 және 2009 жылғы екі жасөспірім жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.
Аталған дерек бойынша облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қылмыстық істі тіркегені белгілі болған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2378916-shahtinskide-mototsiklge-zhanarmai-quimaq-bolgan-zhasospirim-tiridei-zhanyp-ketti/