jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қарағандыда 3 жасар сәби алтыншы қабаттан құлап кетті: бала аман қалды

    терезе алдында тұрған бала
    Терезеден қарап тұрған бала. Көрнекі фото: Ekaterina Vasileva-Bagler/Getty Images

    Қарағандыда патрульдік полиция қызметкерлері үш жасар сәбидің өмірін сақтап қалды. Ол алтыншы қабаттан құлап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның жазуынша, Қарағандыда 3 жасар сәби алтыншы қабаттан құлап кетті. Көмекке алғашқылардың бірі болып патрульдік полиция қызметкерлері Ілияс Атбеков пен Магомед Якубов жеткен.

    "Сол сәтте әрбір секунд қымбат еді. Тәртіп сақшылары жағдайды дереу бағамдап, зардап шеккен сәбиді абайлап қызметтік көлікке орналастырған. Арнайы дабыл шамдарын қосып, баланы ауруханаға шұғыл жеткізген полицейлердің жедел әрекетінің арқасында дәрігерлер дер кезінде қажетті медициналық көмек көрсетіп, сәбидің өмірін аман алып қалды.

    Оқиға куәгерлері мен ата-анасы қатты абыржып қалғандықтан, полицейлердің есімдерін сұрап үлгермеген. Ал кішкентай науқасты дәрігерлерге тапсырғаннан кейін полиция экипажы қайтадан патрульдік қызметіне кіріскен", - делінген хабарламада.

    Кейін тәртіп сақшыларын тұрғындар полиция көлігінің борт нөмірін есте сақтап қалған қырағы көршілердің көмегімен тапқан.

    "Үйіміздің барлық тұрғынының атынан оларға шексіз алғысымызды білдіреміз. Осындай жанашыр әрі батыл азаматтардың бар екеніне ризамыз", — деп жазып жатыр қала тұрғындары.

    Қарағандыда 3 жасар сәби алтыншы қабаттан құлап кетті: бала аман қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.