"Көмекке ұмтылған": Қарағандыдағы суқоймада екі үндістандық суға кетті
Жарияланған күні:
Қарағандыда Федоров суқоймасына шомылуға барған екі шетел студенті көз жұмды. Толығырақ Қарағанды ТЖД хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қарағандыдағы ЖОО-да білім алып жүрген үндістандық екі студент суға кетті. Бұл туралы "Вечерняя Караганда" Telegram-арнасынан мәлім болды.
"Үндістаннан келген екі студент Қарағандыдағы Федоров суқоймасында суға кетті. Қаладағы оқу орындарының бірінде оқитын бір топ студент шомылуға болмайтын барған. Куәгерлердің сөзінше, олардың бірі бата бастаған. Оған көмекке досы ұмтылған. Салдарынан екеуі де суға кетті", - делінген хабарламада.
Қарағанды облыстық ТЖД NUR.KZ тілшісіне аталған деректі растады. Шомылуға болмайтын жерге суға түсу кезінде 2004 жылғы және 2005 жылғы екі жас жігіт көз жұмды.
Сүңгуір құтқарушылар суға кеткендердің денесін жағадан 15 метр, тереңдігі 5 метр болатын жерден тапқан. Департмент дерегінше, бұл жерде суқойма түбі тегіс емес.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2382534-komekke-umtylgan-qaragandydagy-suqoimada-eki-undistandyq-suga-ketti/