Маңғыстауда ойын алаңындағы әткеншектен баланың денесі табылды: тың деректер белгілі болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Маңғыстау облыстық полиция департаменті Мұнайлы ауданындағы әткеншектен табылған баланың өліміне қатысты жаңа деректерді жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 маусымда полицияға Мұнайлы ауданындағы Атамекен ауылындағы үйлердің бірінде кәмелетке толмаған баланың көз жұмғаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Алдын ала мәлімет бойынша, аулада қолдан жасалған әткеншекте ойнап жүрген 12 жастағы бала жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақаттанып, көз жұмған.
Адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды", - деп түсініктеме берді Маңғыстау облыстық полиция департаменті өкілдері.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында әткеншекте отырған баланың денесін аулада жүрген басқа бала көріп, ата-анасын шақырғаны туралы хабарланған еді. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы бала өлімін растаған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2383832-manggystauda-oiyn-alangyndagy-atkenshekten-balanyng-denesi-tabyldy-tyng-derekter-belgili-boldy/