АҚШ-та өлі табылған жігіттің Қазақстан азаматы екені расталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
АҚШ-та жұмбақ жағдайда жоғалып, кейіннен денесі табылған жігіт Қазақстан азаматы Әсет Құралбай екені белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, АҚШ-тың құзырлы органдары бұған дейін денесі табылған ер адамның Қазақстан азаматы Әсет Құралбай екенін анықтады.
"Осы ауыр қайғыға байланысты отбасы мен достарына көңіл айтамыз. Қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың тиісті органдарымен және марқұмның туыстарымен үнемі байланыста", - дейді ведомство өкілдері.
Министрлік марқұмның туыстарына құжаттарды дайындау және денені Қазақстанға қайтаруды ұйымдастыру бойынша қажетті консулдық көмек көрсетілетінін атап өтті.
Еске сала кетейік, АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы іздестіріліп жатқанын жазған едік.
Ол соңғы рет маусымның басында байланысқа шыққан, кейінірек полиция оның көлігін тапқан.
Кейін Қазақстан азаматы болуы мүмкін жігіттің мәйіті табылды. Марқұмның нақты Қазақстан азаматы екенін белгілі бір процедуралардан кейін ғана растауға болатыны айтылған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2389090-aqsh-ta-oli-tabylgan-zhigitting-qazaqstan-azamaty-ekeni-rastaldy/