jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алакөлде отандық журналист мезгілсіз қайтыс болды

    Айгерім Мейірқанова
    Айгерім Мейірқанова. Фото: 24.kz

    Алакөл жағасында танымал PR маманы, журналист Айгерім Мейірқанова кенеттен қайтыс болды. Оқиғаға байланысты полиция сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды "24KZ".

    Айгерім Мейірқанова ұзақ жылдар бойы журналистерді, баспасөз хатшыларын және PR мамандарын біріктірген BAQ / БАҚ / БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТТЕРІ / PR кәсіби медиа қауымдастығының әкімшісі болды. Ол түрлі іс-шараны ұйымдастыруға белсенді ат салысып, Қазақстанның медиа саласында тәжірибелі PR маманы ретінде танылды.

    Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 2026 жылғы 28 маусымда сағат 17:40-та Мақаншы аудандық полиция бөліміне "103" қызметінен Алакөл жағалауында 38 жастағы әйелдің кенеттен қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен. Куәгерлердің айтуынша, Айгерімнің аяқ астынан жағдайы нашарлап, есінен танып қалған.

    Жедел жәрдем шақырылғанымен, ол медицина қызметкерлері келгенге дейін көз жұмған.

    "Аталған дерек бойынша Мақаншы аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу нәтижесі мен сараптама қорытындысына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады полиция.

    Алакөлде отандық журналист мезгілсіз қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.