Бұқтырма су қоймасында демалушылар эвакуацияланды
Жарияланған күні:
Құтқарушылар Бұқтырма су қоймасындағы демалушыларды эвакуациялады. Қарсы жағалауға қайық арқылы жеткен олар ауа райының кенеттен бұзылуы салдарынан олар өздігінен кері қайта алмай қалған, деп хабарлайды ТЖМ.
Кеше Алтай ауданындағы Бұқтырма су қоймасында құтқарушылар ауа райының күрт нашарлауына байланысты қиын жағдайға тап болған демалушыларға көмек көрсетті.
Қатты жел мен биік толқындардың салдарынан жүзу құралдарымен су қоймасының қарсы жағалауына өткен демалушылар өздігінен кері қайта алмай қалған.
"Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті. Құтқару операциясы барысында 13 адам, оның ішінде 7 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Барлығы жағаға жеткізілді. Медициналық көмек ешкімге қажет болған жоқ", - дейді ТЖТ Telegram-дағы арнасында.
ТЖМ су айдындарына шығар алдында міндетті түрде ауа райы болжамын және ескертулерді қадағалау қажет екенін ескертті.
"Жел күшейіп, толқын көтерілген жағдайда жүзу құралдарымен суға шықпаңыз және мүмкіндігінше дереу жағаға оралыңыз", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2396137-buqtyrma-su-qoimasynda-demalushylar-evakuatsiialandy/