jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қайтыс болғандар арасында әкесі мен екі ұлы бар: Павлодар облысындағы қайғылы оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты

    Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем көлігі
    Жедел жәрдем көлігі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Павлодар облысындағы Жоламан ауылында кәріз құдығында алты адам көз жұмған қайғылы оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер жарияланды. Марқұмдардың арасында әкесі мен екі ұлы болған, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Телеарна сайтының мәліметінше, Жоламан ауылындағы кәріз құдығында қаза болған алты жұмысшының үшеуі – бір отбасының мүшелері. Қайғылы оқиға болған күні 51 жастағы ер адам мен оның 17 және 20 жастағы екі ұлы үйлеріне оралмаған.

    Жергілікті тұрғындардың айтуынша, марқұмдардың арасында олардың 28 жастағы тағы бір туысы бар.

    Оқыс оқиға күндіз сүт фермасының аумағында болған. Жұмысшылардың ішінен тек бір адам аман қалған. Көмірқышқыл газынан уланған 38 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілген.

    Кейін оқиға орнына Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов келген. Ол тергеуді әділ жүргізуді және болған жайттың барлық мән-жайын анықтауды тапсырған.

    "Марқұмдардың отбасыларына мемлекеттік органдар тарапынан да, жұмыс беруші тарапынан да жан-жақты қолдау көрсетіледі. Оларға арнайы материалдық көмек беріліп, жыл соңына дейінгі жалақысы төленеді, сондай-ақ несиелерін жабуға көмек көрсетіледі", - деді Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әкімбекова.

    Ол кәсіпорын марқұмдардың кәмелетке толмаған балаларын 18 жасқа толғанға дейін асырау және оқыту шығындарын да өз мойнына алатынын айтты.

    Кәсіпорын иесі, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Александр Терентьев қайтыс болған жұмысшылардың отбасыларына материалдық көмек көрсетуге уәде берді.

    Дереккөз: КТК арнасы

    Естеріңізге кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Павлодар облысы Ақтоғай ауданына қарасты Жоламан ауылындағы кәріз құдығында 6 адамның қаза болғаны туралы ақпарат тараған еді. Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдегенімен, қайтыс болғандардың нақты санын айтпады.

    Кейін жедел жәрдем станциясы шақыртудың 20 шілде күні сағат 12:01-де Ақтоғай ауданы Жоламан ауылындағы ЖШС-нің бірінен түскенін хабарлады.

    Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған алты ер адамның қайтыс болғанын тіркеген. Сонымен қатар 1988 жылы туған тағы бір азамат ауруханаға жеткізілген.

    Қайтыс болғандар арасында әкесі мен екі ұлы бар: Павлодар облысындағы қайғылы оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.