Қазақстанда аптап ыстықтан 26 адам көз жұмды
Жарияланған күні:

Биыл елде аптап ыстық салдарынан 26 адам көз жұмған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен төрт есе көп, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Соңғы айларда жедел жәрдемге жүгінген 30 мың адамның 2700-іне күн өту, ағзаның қызып кетуі және сусыздану белгілеріне байланысты көмек көрсетілсе, 200-ге жуық адам ауруханаға жатқызылған.
Ал Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі және жасыл энергетика жөніндегі жобалық кеңсе өкілдері өңірдегі ауа температурасы әлемдік орташа көрсеткіштен екі есе жылдам өсіп жатқанын мәлімдеді.
Еске салсақ, бұған дейін Атырауда аптап салдарынан жедел жәрдем қызметіне тәулігіне мыңнан аса шақырту түскені жөнінде жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2407805-qazaqstanda-aptap-ystyqtan-26-adam-koz-zhumdy/
