jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Риддерде ат байланған арқанға мотокөлікпен соғылып, қаза тапқан қыз жер қойнына тапсырылды

    Қаза тапқан қыз
    Қаза тапқан қыз. Кадр: "КТК" арнасы

    Риддерде мотокөлікпен ат байланған арқанға соғылып қаза тапқан қыздың денесі жер қойнына тапсырылды. 13 жастағы жасөспірімді ақтық сапарға шығарып салуға шағын шаһар тұрғындары жиналды, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Қайғылы оқиға 23 тамызда кешқұрым болған. 13 және 15 жастағы қос құрбы қала көшелерінің бірінде мотокөлікпен келе жатып, ат байланған арқанға соғылған. Рөлде отырған қыз ауыр жарақат алып, оқиға орында көз жұмды.

    Ал екінші бойжеткен жергілікті аурухананың травматология бөлімінде ем-дом қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жеңіл дәрежеде миы шайқалғанын айтады. Жағдайы тұрақты. Қазір полиция абайсызда өлімге әкелу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

    "Кәмелетке толмаған адамның абайсызда қаза болуына байланысты Риддер қаласы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізілуде. Жануардың иесі анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілді", - дейді ШҚО, ПД, Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Ғазиз Нұралин.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    Риддерде ат байланған арқанға мотокөлікпен соғылып, қаза тапқан қыз жер қойнына тапсырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.