Стамбұлдағы қазақ қызының өлімі: жергілікті БАҚ екі адам ұсталғанын хабарлады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Түркиялық БАҚ Стамбұлда қазақстандықтың өлімінен кейін полиция онымен бірге тұрған бөлмелесі мен сүйіктісінен жауап алынғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Demirören Haber Ajansı агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттік мәліметінше, Стамбұлда Қазақстан азаматы Айсұлу Бекмаханованың өліміне қатысты екі адам ұсталды. Айта кетейік, мақалада оларға айып тағылғаны туралы емес, прокуратураның өкімімен жауап алынғаны туралы айтылған.
"Көрші ғимараттың шатырынан құлап қайтыс болған 26 жастағы Қазақстан азаматының соңғы фотосы пайда болды. Ол шатырға Шишли ауданындағы 6-қабатта орналасқан пәтерінің балконынан өтіп барған.
Бөлмелесі, суретке түсірген 22 жастағы Ресей азаматы Д. Б. оған шатырдың шетіне отырмауды ескерткені, ал ол бұған "Мен осында отырамын, сен ұйықтай бер" деп жауап бергені айтылады", - деп жазады агенттік.
Мақалада полиция оқиға болар алдында марқұм жігітінің қасында болғаны және одан сағат 07:40 шамасында кеткенін анықтағаны көрсетілген. Тергеу аясында прокуратураның өкімімен қазақстандықтың жігіті – 35 жастағы М.Т., сондай-ақ көршісі Д. Б. ұсталды.
Д. Б. полицияға берген жауабында өз бөлмесінде қатты музыкадан оянғанын айтып берді. Не болып жатқанын тексеру үшін тұрғанда бөлмеде құрбысы жоқ екенін байқаған. Д. Б. сөзінше, қандай дa бір шу естіген, содан кейін көрші ғимараттағы зақымданған шатыр элементін байқаған, ал жарыққа (ішкі аула - шахтаға) үңілген кезде қозғалыссыз жатқан құрбысын көрген.
Белгілі болғандай, Д. Б. кешке Бекмаханова екеуі үйден шыққанын, ал таңертең сағат 05:00 шамасында құрбылар екі жаққа бет алғанын – Бекмаханова өз жігітіне кеткенін хабарлаған. Осыған байланысты полиция Бекмаханованың жігіті болып шыққан дүкен иесі М. Т.-дан жауап алды.
М. Т. Бекмаханова таңғы сағат 5:30 шамасында келгенін, уақытты бірге өткізгенін, ал таңғы сағат 7:40 шамасында оның үйіне қарай бет алып, оның дүкенінен кеткенін мәлімдеді, - делінген жарияланымда.
Еске сала кетейік, бұған дейін СІМ Түркияда Қазақстан азаматының көз жұмғаны туралы ақпаратты растады. Жергілікті БАҚ Стамбұлдың Шишли ауданында 26 жастағы Қазақстан азаматы қайтыс болғанын хабарлаған еді. Ол тұрып жатқан ғимараттың 6-қабатының балконынан көрші үйдің шатырына өтпек болған, бірақ ғимараттар арасындағы кеңістікте орналасқан шатырға шығып, -2-қабат деңгейіне құлап кеткен.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2447834-stambuldagy-qazaq-qyzynyng-olimi-zhergilikti-baq-eki-adam-ustalganyn-habarlady/