jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматы әуежайы жұмысшының өліміне қатысты пікір білдірді

    Алматы әуежайы
    Алматы әуежайы. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі әуе айлағында болған қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Жазатайым оқиға салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Алматы халықаралық әуежайының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан перрон аумағында жазатайым оқиға болды. Салдарынан құрылыс жұмыстарымен айналысып жатқан мердігер ұйымның бір жұмысшысы зардап шекті", - делінген хабарламада.

    Алматы әуежайының жүргізіліп жатқан тергеу аясында уәкілетті мемлекеттік органдарға қажетті көмек көрсетіп жатқаны атап өтілді.

    "Тергеу аяқталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталғанға дейін әуежай қосымша түсініктеме беруге құқылы емес. Жазатайым оқиғаға байланысты Алматы халықаралық әуежайы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - деп мәлімдеді әуе айлағының баспасөз қызметі.

    Айта кетейік, бұған дейін Алматы әуежайында адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша Көліктегі полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын хабарлаған едік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram