jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Шымкент сыра зауыты қазақстандық банкке 300 млн доллар қарыз

    : UGC

    Жақында құрықталған бизнесмен Тоқтар Төлешовтің «Шымкент сыра» зауыты жұмыскерлеріне ғана берешек болмай шықты. Өнеркәсіп банктердің біріне 300 млн доллар қарыз екен деп хабарлайды NUR.KZ порталы «Времяға» сілтеме жасап.

    «Шымкент сыра» бұл қомақты несиені «АТФ Банкінде» бірнеше жыл бұрын алған екен. Алайда зауыт қарызды төлеуге асықпаған.

    2012 жылы банк өнеркәсіптің үстінен сотқа шағымданып, «алаяқтықпен иемденген» қаражатты банкке қайтаруын талап еткен. Кейін сот өнеркәсіптен 30 млрд теңге өндіру шешімін шығарады.

    Енді сот шешімін орындау міндетін (басылым мәліметіне сәйкес, Тоқтар Төлешовтің бұдан өзге де жабылмаған несиелері бар) құрықталған бизнесменнің ұлы арқалауы тиіс.

    Төлеген Төлешовтің қорғаушысы Евгений Яворский болса, барлық қауесеттерге қарамастан, 30 қаңтар күні Тоқтар Төлешовтің ұлын полиция құрықтамағанын және Төлеген өнеркәсіпті және әкесінің өзге де компанияларын басқаруды бастап кеткенін айтуда.

    Ал сол арада, оның әкесі Астананың тергеу изоляторына қамалғаны белгілі болды.

    3 қаңтар күні Тоқтар Төлешовке бірнеше айып тағылған болатын.

    Адвокаттың айтуынша, Төлешов қылмыстық кодекстің 266-бабы ("қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзірлеу") және 297-бабы ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша күдікті деп танылған.

    Еске салсақ, Шымкентте 30 қаңтар күні ірі арнайы операция жүргізіліп, Ішкі істер министрлерінің қызметкерлері мен арнайы жасақ кәсіпкерді құрықтаған болатын.

    Кейін ІІМ жағдайға орай түсініктеме беріп, 4 адам қамауға алынғанын мәлімдеді. Олардың арасында сыра зауытының қожайыны Тоқтар Төлешов бар. Полицейлердің айтуынша, олардан қару, есірткі және әдеби кітап тәркіленген.

    Шымкент сыра зауыты қазақстандық банкке 300 млн доллар қарыз

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.