jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    АС
    Акырыс Сейтказы
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте қабылдаудан бас тартып, бас дәрігер боқтап жіберген науқас көз жұмды

    : UGC

    Оңтүстік Қазақстан облысындағы ақ халаттылар алдына көмек сұрап келген халықты жерден алып, жерге салып, балағаттай бастады. Салдарынан жағдайы ауыр болып, жедел емді қажет еткен ар адам қайтыс болды.

    Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер қолданылады!

    Дәрігерлердің салғырттығынан бауырынан айырылған Шымкент тұрғыны NUR.KZ редакциясына хабарласып, көмек сұрады.

    Ғаламторда «Шымкенттегі облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері Мұқан Егізбаев және оның алдына көмек сұрап келгендерге көрсеткен  адами емес қарым-қатынасы. Ал мұнда тым қатыгездік әрекет, қатты сырқаттанған науқастың әйелі қол ұшын сұраймын деп оның орнынан боқ ауыз сөз естіді. Сол үшін адам қайтыс болды!», - деген атаумен видео пайда болды.

    Онда қатты сырқаттанған науқастың туыстары көмек сұрап медицина мекемесі бас дәрігерінің қабылдауына кіреді. Кәсіби емес түсірілген видеода бас дәрігер кабинетіне бірнеше адамның кіргенін байқауға болады. Диалог барысында Гиппократ антын қабылдаған маман ондағылар «қолдан келгенін жасап жатыр, әзірге жағдайы ауыр» деп қысқа қайырғысы келген.

    Алайда науқастың туысының бірі «Ауыр халге түскен адамдар осылай жүре бере ме талтаңдап? Соны айтыңызшы, өтініш?! Сіздің де бауырыңыз бар шығар. Сіздің де бар шығар ағаңыз, әкеңіз, анаңыз бар шығар. Сіз біздің орныңызға өзіңізді қойып көріңізші, айналайын бауырым» деп өтінген.

    Алайда бұл бас дәрігердің шамына тиіп кеткен болу керек, оны естіген медицина маманы «Маған ақыл айтпа!...», - деп қабылдауына келгендерді балағаттай жөнелген.

    Көмек сұрап келгендердің: «Боқтамаңыз, неге боқтайсыз сіз? Боқтағаныңыз үшін жауап бересіз сіз қазір... Біз сіздің алдыңызға көмек сұрап келіп отырмыз, көке. Бір рет емес, бірнеше рет келдік» деген пікіріне бас дәрігер: «Сен жанды сөз айтпа, «блин» деп ашуын жасыра алмаған.

    Видеоны көре сала бас дәрігер Мұқан Егізбаевтің тікелей өзіне хабарластық. Алғашында телефон тұтқасын көтеріп, «Алло, бұл кім?» деумен болған ол байланыс құралын қоя салды.

    Қайта хабарласқанымызда қоңырау барғанымен, онымен сөйлесу мүмкін болмады. Айта кетейік, Мұқан Егізбаев бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының бесінші шақырылымындағы депутаты атанған. 20 наурызда өтетін сайлауда тағы да бағын сынамақ.

    Шымкентте қабылдаудан бас тартып, бас дәрігер боқтап жіберген науқас көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.