jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Төлешовтің ісін Челах пен Жоламановқа жаза тағайындаған судья қарайтын болды

    : UGC

    Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әскери сотында бұрынғы бизнесмен Тоқтар Төлешовке  қатысты алғашқы сот отырысы басталды. Қылмыстық іс жабық түрде қаралып жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдары сот дәлізін күзетуде деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Тоқтар Төлешов «Шымкентсыра» зауытының бұрынғы иесі еді. 2016 жылдың қаңтарында Шымкентте күш құрылымдары арнайы операция жүргізіп, оны қолға түсірген болатын. Арада алты ай өткен соң, яғни, маусым айында ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми мәлімдеме жасай отырып, Тоқтар Төлешовке қаражаты мен лауазымын пайдалана отырып, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді деген айып тақты.

    Бұл ойын жүзеге асыру үшін Тоқтар Төлешов құзырлы органдар мен әскери саладағы ведомстволардан сыбайластар тапқан екен. Жалпы, осы қылмыстық істе 25 фигурант бар.

    Ел билігін күшпен басып алуға әрекеттенді деген айыптан басқа, Тоқтар Төлешовке адам ұрлады, билікті басып алуға үгіт-насихат жасады, заңсыз қару-жарақ сақтады деген тағы ондаған бап бойынша кінә тағылып отыр.

    Айтып өткеніміздей, сот жабық түрде өтіп жатыр. Өйткені, қылмыстық істе мемлекеттік құпияларға қатысты деректер бар. Сот төрешісі - Ербол Ахметжанов (15 адамды өлтірді деп айыпталған Владислав Челахқа және пара алғаны үшін айыпталған генерал Нұрлан Жоламановқа жаза тағайындаған, ред. ескретпесі).

    Тағы да оқыңыздар:

    Ақтөбеде әйелі алты баласымен отбасын тастап кеткесін отағасы инсульт алды (фото)

    Қостанай облысында полицейлер 20 жастағы келіншекті азаптады деп айыпталуда

    Атырауда туған бауырлар анасының жерлеуіне жұмсалған ақшаға бола соттасты

    Астанада 25 жастағы қыз өзін екі күн бойы аяусыз зорлағандардан өз бетінше кек алды

    Ақтөбедегі теракт кезінде кезекші болған офицер басшылықты кінәлауда

    Төлешовтің ісін Челах пен Жоламановқа жаза тағайындаған судья қарайтын болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.