jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шымкентте анасына қол көтерген бойжеткен туған әкесін пышақтап тастады (фото)

    : UGC

    Шымкентте туған қызы әкесін пышақтап тастады. Анасынан қызын қорғаймын деген отағасын перзентті осылай жазалаған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

    Ауруханада жатқан Мұрат
    Ауруханада жатқан Мұра: UGC

    Қанды оқиға болған күні әкесі жұмыстан шаршап келген. Үйге келсе, қызымен анасының арасында жанжал болып жатқан екен.

    22 жастағы бойжеткен ұрыс кезінде анасын ұрып-соққан. Мұны көрген әкесі қызының қорлығына шыдамай, ажыратпақ болады. Осы кезде перзенті анасымен екеуінің арасына түскен әкесін пышақтап тастайды.

    "Үйге келсем анасын ұрып жатыр екен қызым. Екеуін ажыратпақ болдым. Осы кезде қызым пышақ тығып алды. Ары қарай есімде жоқ. Талып қалдым. Қызым ажырасқалы бері өз бетімен кетті. Әке-шешесін тыңдамайды. Қызымның салмағы жүз келіден асады. Сондықтан, оған анасының әлі келмейді. Мұны пайдаланған қызым туған анасын ұрады", - дейді туған қызынан қорлық көрген Мұрат.

    Ауыр жарақатпен ауруханаға түскен 46 жастағы азаматқа дәрігерлер шұғыл түрде ота жасаған. Ер азамат тілге келгенмен, жүріп тұра алмайды.

    Қызынан зардап шеккен әке перзентінің үстінен арыз жазбаған. Бірақ, қызы жасаған қиянатты кешірмеймін дейді.

    Әкесінің сөзінше, бойжеткен осыдан бір жыл бұрын күйеуінен ажырасып ата-анасының үйіне қайтып келген. Күйеуден қайтқалы бері қызы отбасының шырқын бұзып, анасын соққының астына алуды әдетке айналдырыпты.

    Материал ҚР заңнамасымен қорғалған, көшіріп басуға тыйым салынады.

    Шымкентте анасына қол көтерген бойжеткен туған әкесін пышақтап тастады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.