jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    АЖ
    Айжан Жолдасбаева
    Бұрынғы қызметкер

    13 жасар қызының пәктігін сатпақ болған ана елді шошытты

    : UGC

    Мәскеуде өз қызының пәктігін сатып байымақ болған әйел ұсталды. Ол "тауарды" жарты миллион рубльге бағалаған деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Фото: segodnya.ua
    Фото: segodnya.ua: UGC

    Екіжақты келісім "Понтон" мейрамханасында жасалуы керек болған. Қатыгез әйел жанына құрбыларын ерте келіпті. Ол "тауары" үшін ақшаны ала бергенде тәртіп сақшыларының қолына түсті.

    Ирина Челябинскіде тұратын қызын да мейрамханаға өзімен бірге алып келіпті. Алайда оған ересек азаматпен төсекке жату керектігін қалай түсіндірмек болғаны белгісіз. Әйел өзінің құрбыларымен екі жылдан бері қызының пәктігін сатуды мұқият ойластырып келіпті. Сатып алушыны табуға көмектескендер де осы жанашырлары екен.

    Анасы қамауға алынған жасөспірім қазір нағашы әжесінің қолында тұрып жатыр. Ал өз қызына опасыздық жасамақ болған әйел мен оның сыбайластары 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Фото: segodnya.ua
    Фото: segodnya.ua: UGC

    Тергеушілер Иринаның екі рет қызын педофилге сатпақ болғанын айтады. Ал таныстары оның мұндай қадамға барғанына сене алар емес.

    "Мен Иринаны бірнеше жылдан бері танимын. Ол кейде ақша жоқтығына шағымданатын. Балаларының әкесі оларға ешқандай көмек бермейтін. Ол балаларын қатты жақсы көретін", - дейді Иринаның танысы.

    Оқиғаны тексере келе құқық қорғау органдарының маманы Иринаның соңғы уақытта бай әйелдерге еліктеп жүргенін анықтады. Ол қызын сатқан ақшаға қымбат киімдер алып, әдемі жерлерде демалғысы келген көрінеді.

    Сондай-ақ Ирина жаңа пәтерге көшуді жоспарлап жүріпті. Ол үшін екі баласымен тұрып жатқан ескі үйін де, қызының пәктігін бағалағандай, жарты миллион рубльге сатпақ болған.

    Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

    13 жасар қызының пәктігін сатпақ болған ана елді шошытты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.