jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Новости русской службы Би-би-си
    АЖ
    Айжан Жолдасбаева
    Бұрынғы қызметкер

    Атышулы қазақстандық хакер АҚШ-та сотталып кетті

    : UGC

    Сан-Францискодағы Солтүстік Калифорния соты 23 жастағы Қазақстан азаматына бес жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сондай-ақ ол 11 мыңдай жәбірленушіге 250 мың доллардан астам айыппұл төлеуі керек деп жазады "Русская служба Би би сиге" сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Карим Баратов. Фото: әлеуметтік желі
    Карим Баратов. Фото: әлеуметтік желі: UGC

    Карим Баратов Канадаға 12 жасында ата-анасымен көшіп барып, компьютерлік ойындарға аса құмар болып өскен. Осы кезден бастап-ақ компьютерлік бағдарламалар жазуды үйреніп, 14 жасында ата-анасынан көп ақша табатын болады.

    Мектепте оқып жүріп, хакер жігіт түрлі қымбат көліктер мініп, оған "Mr Karim" немесе "Karrim" деген атаулы нөмірлерді тапсырыспен жасатқан.

    Ал 2014 жылы АҚШ прокурорлары Баратов пен тағы үш адамды Yahoo аккаунттарын жаппай бұзған деп айыптайды. Сонымен Баратов Канадада наурыз айында Вашингтон өтініші бойынша тұтқындалған еді.

    Айта кетейік, прокурорлар Баратовқа жеті жыл 10 ай мерзімдік жаза беруін сұраған. Себебі осыған ұқсас қылмыспен сотталған жандар 10 жылдан астам уақыт түрмеге жабылған екен.

    Алайда сот Баратовқа 60 ай мерзімді жеткілікті деп тауып, қорғаушы тараптың сұранысын мақұлдады.

    Атышулы қазақстандық хакер АҚШ-та сотталып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.