jitsu gif
Оқыс оқиға

    Денис Теннің өліміне күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

    : UGC

    Алматыда мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен Денис Теннің өліміне қатысы бар деп күдіктелген азаматтарды қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

    Фото: twitter.com/ lifenews_ru
    Фото: twitter.com/ lifenews_ru: UGC

    Сот шешіміне сәйкес, Қылмыстық кодекстің 434-бабы, 24-бабы 3-бөлімі және 188-бабы, 2- бөлім, 1-тармағына сәйкес қылмыс жасады деп күдіктелген Жанар Толыбаеваны қамауда ұстау 15 тәулікке, яғни, 2018 жылдың 7 қарашасына дейін ұзартылды.

    Ал Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 2- бөлім, 2-тармағы мен 192-бабы, 2- бөлім, 1,5 тармақтары, сондай-ақ, 99-бап, 2- бөлім, 7,8 тармақтарына сәйкес қылмыс жасады деп күдіктелген Арман Құдайбергенге қатысты "күзетпен ұстау" мерзімі 15 тәулікке, яғни, 2018 жылдың 4 қарашасына дейін созылды.

    Денис Тенді өлтірді деп күдіктелген азаматтардың үшіншісі, Қылмыстық кодекстің 192- бабы, 2- бөлімі, 1,4 -тармақтарына, 99-бап, 2- бөлім, 7,8-тармақтарға сәйкес қылмыс жасады деп күдіктелген Нұралы Қиясовқа қатысты "күзетпен ұстау" уақыты да 15 тәулікке, яғни, 2018 жылдың 3 қарашасына дейін ұзартылды.

    Естеріңізге сала кетейік, 19 шілдеде Денис Тенді көлік ұрыларыы тапа-тал түсте өлтіріп кеткен болатын.

    Үш литр қан жоғалтқан мәнерлеп сырғанаушыға ота жасалған еді. Алайда, дәрігерлер оның өмірін құтқара алмаған.

    Артынша мәнерлеп сырғанушыны өлтірген бірінші күдікті ұсталып, екіншісі келесі күні қолға түскен еді.

    Күдіктілердің бірі Нұралы Қиясов сот залында жылап жіберген болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.