jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Сау жері жоқ": Маңғыстауда аяусыз өлтірілген жігіттің жақындары жанайқайын айтты

    : UGC

    Маңғыстау облысында жаппай төбелесте 19 жастағы жас жігіт қаза тапты. Серік Құлназаровтың жақындары жігітті аяусыз өлтіргенін баяндап берді деп хабарлайды ИнАктау сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Фото:inaktau.kz
    Фото:inaktau.kz: UGC

    Серік Құлназаров Ақтау қаласының тұрғыны. Оны 9 тамыз күні ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізген. Жаппай төбелесте жараланған жігіттің өмірі үшін дәрігерлер үш күн бойы күреседі. Алайда жас жігіт есін жимастан, көз жұмған.

    Айта кетейік, сол күні Серіктің 19 жастағы жолдасы да ауруханаға алып келген екен.

    Марқұмның ағасының айтуынша, інісі мен досы зорлық-зомбылықтың құрбаны болған. Жаппай төбелеске қатысушылар арасында жасы 30-дан асқан азаматтар да болған.

    Ал Серіктің әпкесі адамды осынша қорлағандарды түсіне алмайтынын жазған.

    "Інімнің сау жері қалмаған. Оған қараудың өзі қорқынышты еді. Басы жарылған. Осы себепті де ол есін жимастан, қайтыс болды. Әлгілер екі жас жігітті қолына түскен затпен ұра берген", - дейді ол.

    Құлназаровтың жақындары бұл жанжалдың үш күнге созылғанын айтады. Марқұм бұл іске араласқысы келмегенімен, достарының өтінішін жерге тастай алмаған.

    Қайтыс болған жігіттің жақындарының сөзінше, екі жігітті аяусыз қорлап болғандар оларды көлікке салып алған. Содан кейін екеуін бейіт басына алып барып, өлтірмек болады. Олар 19 жастағы екі жігітті таяқпен, трубамен ұрып, жарасына арақ құйған. Тіпті үстеріне кіші дәретке отырған.

    Сондай-ақ Серіктің туыстары, бұл төбелеске құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін адамдардың туысы да қатысқанын айтады. Олар танысы бар қылмыскерлердің жазадан сытылып кете ме деп күдіктенеді.

    Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл қылмысқа күдікті ретінде 33 адам тартылған. Оның 12-і қамауда. Ұсталғандар арасында полицейлердің туыстары жоқ.

    Полиция департаменті тергеудің жалғасып жатқанын мәлім етті. Қажетті құжаттар аяқталса, іс сотқа өтпек.

    "Сау жері жоқ": Маңғыстауда аяусыз өлтірілген жігіттің жақындары жанайқайын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.