jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ресейде күзетші науқасты ауруханаға кіргізбей, аязда жерге жатқызып қойған

    : Facebook

    Ресейдің Петрозаводск қаласында жедел жәрдем көлігі әкелген науқасты мекеме күзетшісі ішке кіргізбей, баспалдақтан түсіріп, суық далада жатқызып қойған. Күзетшіге ер адамның қаңғыбас болғаны ұнамаған деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған

    NUR.KZ

    .

    Ресейде аурухана күзетшісі науқасты кіргізбей, аязда жерде жатқызып қойған
    Фото: Видеодан скриншот: Facebook
    "Кіріп, күзетшіге "Кіре берісте адам жатыр", - дедім. Ол болса: "Ол саған қажет пе? Қажет болса, өзің алып кет. Бізге керек емес", - деп жауап берді", - дейді куәгер.

    Оқиғаны көрген басқа да куәгерлер күзетшінің жедел жәрдем алып келген науқасты қолтықтап, далаға шығарып жібергенін растады.

    "Керек емес дегенді қалай түсінуге болады? Ол сіздердің мекемелеріңіздің алдында жатыр ғой", - дегенімде, күзетші: "Иә, керек емес, Өлсе, мәйітханаға апарып тастаймыз, ештеңе етпейді", - деп жауап қатты дейді оқиғаны видеоға түсірген ер адам.

    Куәгер полиция шақыртқан. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары бәрінен жауап алып, мән-жайды анықтауға уәде берген.

    Ресейде күзетші науқасты ауруханаға кіргізбей, аязда жерге жатқызып қойған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.