jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Сағаты 150 мың теңге: Елорданың элиталы жезөкшелері кімдерге қызмет етеді?

    : Twitter

    Елордалық элиталық жезөкшелер бай-бағландармен шетел асып, сағатына 150 мың теңгеден табыс табатын болып шықты. KAZ.NUR.KZ тілшісі ғаламторда толып тұрған "түнгі көбелектер" телефонына қоңырау шалып, олардың бір күндегі табысын біліп көрді.

    Көрнекі фото: TVNET Rus
    Көрнекі фото: TVNET Rus: Twitter

    Телефон тұтқасында өзін "Әмина" деп таныстырған бойжеткен әзірге тек қала ішінде ғана қызмет ететінін жайып салды.

    Айтуынша, элиталы жезөкшеге айналу үшін оған әлі талай уақыт керек екен.

    "Өзім Шымкенттенмін. Әке-шешім мұндай тірлікпен айналысып жүргенімді білмейді. Жасым 19-да, мұндай жұмысқа ақшаның жетіспеушілігінен шықтым. Осындағы колледждердің бірінде студентпін.

    Негізі сағатына 50-100 мың теңге аралығында аламын. Егер қаланың ішінде болса 50 мың, ал сыртқа, коттедждерге шықсақ 100 мың теңгеге жуық аламыз.

    Бұл кәсіпке құрбым алып келді. Қазір екеуміз қалада пәтер жалдап тұрамыз. Ал элиталы жезөкшелер шетелге жиі барады деп естимін. Әсіресе Дубайға жиі қатынайтын көрінеді.

    Бізге әлі ондай "дәрежеге" жету үшін, біраз уақыт керек. Себебі олар тек өте ауқатты, бай адамдарға ғана қызмет көрсетеді", - деп түсіндірді бойжеткен.

    Ал ғаламторда аты-жөндері толып тұрған тағы бір жезөкшеге хабарласқанымызда сағатына 150 мың теңге алатынын айтты.

    "Бойым 170, салмағым 53. Сайтта мен туралы барлық мәлімет бар. Бағасын да көріп отырған шығарсыздар. Элиталы деген санат та көрініп тұр. Сол себепті мен тек Дубай, Украинаға сияқты шетелдерге ғана шығамын. Басқа сұрақтарға жауап бере алмаймын", - деп қысқа қайырды бойжеткен.

    Ал жасы 17-дегі тағы бір қыз аталмыш қызметке енді ғана келгенін жеткізді.

    "Мен бұл кәсіпке енді келдім, сайтта мен жайлы барлық мәлімет бар. Сағаты шамамен 30-50 мың теңге арасы болады. Алдын-ала хабарласып, нақты ұсыныс түскенде ғана жұмыс істеймін. Себебі тапсырыс көп", - деп жауап берді бойжеткен.
    Сағаты 150 мың теңге: Елорданың элиталы жезөкшелері кімдерге қызмет етеді?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.