Алматыда Сағынтаевтың тапсырмасымен 50-ден аса жезөкше ұсталды (фото)
Жарияланған күні:
Өткен түні Алматыда Сейфуллин даңғылында клиент іздеген 50 жеңіл жүрісті қыз ұсталды. Алматылық полицейлер қаланың жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен жезөкшелік фактілерін анықтау бойынша рейд жүргізді. Бұл туралы оңтүстік астананың Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ізбасар Бектұров рейдке тек учаскелік инспекторлар ғана емес, сонымен қатар арнайы жедел әрекет ету жауынгерлері де қатысқанын хабарлады.

Өткен түнде полиция қызметкерлері 130 адамды ұстады. Олардың ішінде эскорт-қызмет саласында жұмыс істейтін 53 әйел бар.
Сондай-ақ, жыныстық қызмет көрсету үшін пәтер тапсырған 13 адам және аталған мекен-жайға қыздарды жеткізген 5 жүргізуші ұсталды.

58 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 23-і жезөкшелікпен айналысатын қыздар.
Бес адам "ұсақ бұзақылық" бабымен, 11 адам қоғамдық орында ішімдік ішкені үшін, 19 адам қаланы абаттандыру ережелерін, 9 адам көші - қон заңнамасын бұзғаны үшін жазаланды.


Сонымен қатар, тәртіп сақшылары притонды анықтап, иесін жеңгетайлық үшін жазаға тартты.

Барлық құқықбұзушылар айыппұл төледі, олардың жалпы сомасы 315 625 теңгені құрады.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/1802635-almatyda-sagyntaevty-tapsyrmasymen-50-den-asa-zezkse-staldy-foto/