jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Өзіме жала жаптым": Сотталған департамент басшысы өз жауаптарынан бас тартты

    : Instagram

    Істі болған Ұлттық экономика министрлігінің департамент басшысы Асланбек Жақыпов өз кінәсін мойындаған жауаптардан бас тартуға шешім қабылдаған. Бұл туралы оның қорғаушысы сот отырысы барысында мәлімдеді. Сотта айыпталған шенеуніктің апелляциялық шағымы қарастырылып жатыр деп хабарлайды Bnews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Facebook/Асланбек Джакупов
    Фото: Facebook/Асланбек Джакупов: UGC

    Адвокат сот отырысы барысында сотталған Жақыповтың үндеуін оқып, оны іс материалдарына қосуды сұрады.

    "Ол (Жақыпов- ред) бұған дейін істемеген қылмысын жасадым деп мойындап, өзіне өзі жала жапқанын мәлімдейді.
    Оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлерінің қысымымен істеген. Ол бірінші сот инстанциясындағы сотқа дейінгі тергеу кезінде берген барлық жауаптарынан бас тартып отыр. Сонымен қатар, ол сот тергеуін жүргізіп, оның дәлелдерін тыңдауды сұрайды" , - деді қорғаушы.

    Оған қоса, сотталған шенеунік соттан тағы бір қорғаушысын тіркеуді сұрады. Енді Асланбьек Жақыповты адвокатымен қатар әкесі Жақыпов Қуандық қорғамақ.

    Сотталған департамент басшысының әкесі өзінің заңгер әрі екі жоғарғы білімі бар екенін айтты. Сонымен қатар, ол 35 жылдық тәжірибесі бар екенін де ескеріп өтті. Айта кетерлігі, Қуандық Жақыпов запас полковнигі болып табылады.

    Сот Асланбек Жақыповтың шағымын қанағаттандырып, жаңа қорғаушы іс материалдарымен танысып үлгеру үшін келесі отырысты 17 шілдеге тағайындады.

    Айта кетейік, Жақыповты жемқорлық қылмысы үшін үш жылға соттады.

    "Өзіме жала жаптым": Сотталған департамент басшысы өз жауаптарынан бас тартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.