jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыда ұрының қолынан қаза тапқан ер адамның әйелі мен баласы қалды

    : UGC

    2 тамыз күні Алматы қаласында тапа тал түсте 30 жастағы ер адам қаза тапты. Куәгерлер оқиғаның мән-жайын баяндап берді деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Көрнекі фото: pxhere.com
    Көрнекі фото: pxhere.com: UGC

    Марқұмның әпкесінің сөзінше, оның артында жүкті әйелі мен кішкентай баласы қалды. Әйел адам отбасын жалғыз асыраушысынан айырған қылмыскерді қарғап отыр.

    Барлығы 53 жастағы ер адамға тонаушы шабуыл жасағаннан басталды. Қаскүнем ұялы телефонды тартып алуға тырысты.

    Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ер адам үйіне барып, оның телефонын тартып алғанын айтқан. Жас жігіт қылмыскерді іздестіруге кеткен. Ол оны дүкеннің жанында кездестіріп қалды. Артынша төбелес басталды. Осы сәтте қаскүнем пышақ алып шығып, оны жігіттің жүрегіне сұққан.

    Кісі өлтіруші бірден ізін суытпақ болған. Алайда ұзаққа кете алмады. Полицейлер қызметтік итпен бірге оны жеке сектордағы моншаның бірінің шатырынан тапты.

    "Ол қоршау арқылы шығып, сонда жабылып алған. Бұл дегеніміз, ол жерде оның таныс біреуі бар, себебі кім моншасына кіргізеді?"- деп болжайды куәгерлер.

    Полиция қызметкерлерінің айтуынша, кісі өлтіруші қолындағы пышақты ұстап, қарсылық көрсетуге тырысты. Алайда бұл оның қолынан келген жоқ.

    Куәгерлердің сөзінше, қылмыскер есірткі қабылдап алған.

    Есірткіні қабылдаған, мұнда отырып балалар қорқытқан. Күн сайын осылай бізде", - дейді жергілікті тұрғындар.

    Олардың айтуынша, олар кісі өлтірушіні өз ауданында жолдастарымен бірге бірнеше рет көрген. Ер адамдар балаларды қорқытып, көшеде кетіп бара жатқандарға тиіскен. Қала тұрғындары полицияға шағымданғанын, алайда ешқандай шара қолданылмағанын айтып өтті.

    Алматыда ұрының қолынан қаза тапқан ер адамның әйелі мен баласы қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.