jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Үйленген, екі баласы бар": Таразда 9 жасар қызды зорлаған педофил қолға түсті

    : Depositphotos

    Тараз қаласының 24 жастағы тұрғыны Қылмыстық кодекстің 124 бабы, 1 бөлігі бойынша (Кәмелет жасына толмағандарға азғындық әрекет жасау) күдікке ілініп, тұтқынға алынды. Оның тоғыз жасар қызға тиіскені туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    педоф
    Фото: Facebook, коллаж: NUR.KZ: Depositphotos

    Полиция бастығының Facebook-те жариялаған мәліметінше, оқиға 24 қыркүйек күні сағат 19:00 шамасында Тараз қаласының мөлтек аудандарының бірінде болған.

    Көпқабатты үйдің подъезінде белгісіз ер адам мас күйінде 9 жасар қызға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасап, қылмыс орнынан бой тасалаған.

    Аталған дерек бойынша Тараз қаласының Полиция басқармасымен Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

    Қылмысты ашуға полицияның барлық күштері мен құралдары жұмылдырылып, тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел-тергеу тобы құрылған.

    "Кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. 24 жастағы тұрғын ұсталып, өз кінәсін толығымен мойындады.

    Ол үйленген, екі баласы бар. Қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

    Наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде, сондай-ақ «педофил» санаты бойынша есепте тұрмайды. Аталған баптың санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді", - деп мәлімдеді Арман Оразалиев.

    Полиция департаменті ата-аналарды мұқият болуға және осыған ұқсас жағдайларды болдырмау үшін жас балаларды қараусыз қалдырмауға ескертеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.