jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ең кішісі – 22 жаста: Сириядан елге оралған азаматтар жайлы не білеміз

    : Depositphotos

    Нұр-Сұлтанда Сириядан елге қайтарылған Қазақстан азаматтарына қатысты сот отырысы өтіп жатыр – 14 адам түрлі қылмыстық баптар бойынша айыпталуда, соның ішінде терроризм мен алауыздықты қоздыру фактілері бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Sputnik/ Абзал Калиев
    Фото: Sputnik/ Абзал Калиев: Depositphotos

    Сириярдан елге қайтарылған қазақстандықтар "ДАИШ" террористік ұйымының мүшесінде болған деп айыпталуда.

    Сотталушыларға ҚК-тің бірнеше бабы бойынша айып тағылуда: 256 бап – терроризмді насихаттау немесе террорлық акт жасауға жария түрде шақыру, 257 бап – террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу.

    Сондай-ақ сотталушылардың бір бөлігі 174 бап бойынша айыпталуда – әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру.

    Айыпталушылардың арасындағы ең кішісі – 22 жаста.

    Сириядан елге қайтарылған азаматтар жөнінде толығырақ ақпарат ұсынамыз:

    1992 жылғы Данияр Алтаев, лақап аты – Абу-Юсуф.

    1997 жылғы Абзал Амангелді, лақап аты – Абу-Умар. Сирияға ата-анасымен бірге аттанып, болжам бойынша сол кезде "ДАИШ"-тың құрамына кірген. Әкесі сол жақта соғыс кезінде қаза болған.

    1994 жылғы Тұрлан Әбілхайыров. Болжам бойынша, Сирияға әйелімен және баласымен кеткен.

    1990 жылғы Жандос Ажмамбетов, лақап аты – Хасан. Болжам бойынша, Египетте дінтану бойынша білім алып, кейіннен содырлардың қатарына кірген.

    1995 жылғы Ермұхан Айыпқалиев, лақап аты – Исмаил.

    1969 жылғы Ғазинұр Бақытжанов, лақап аты – Абу-Сулейман немесе Бабай. Болжам бойынша, "ДАИШ"-тан қашқан "сатқын" қазақстандықтарды ұстауға көмектескен.

    1986 жылғы Аманжол Жансеңгіров, лақап аты – Абулхафис. Болжам бойынша, содырлардың құрамына 2013 жылы кірген.

    1984 жылғы Бақтияр Ыбраев, лақап аты – Абу-Али. Болжам бойынша, "ДАИШ" құрамында әскери техника мен мергендіктен нұсқау берген.

    1987 жылғы Нұрлан Камалов, лақап аты – Абдулла. Болжам бойынша, "ДАИШ" құрамында "әмір" болып, террористік топтағы әйелдерге жауап берген, кейіннен тұтқынға түскен.

    1991 жылғы Руслан Қуанов, лақап аты – Аббас. Болжам бойынша, Сирияда қазақ содырларына Құран оқытып үйреткен. Сондай-ақ қазақстандық билікке қарсы шығуға шақырған.

    1986 жылғы Алмаз Нарбутин, лақап аты – Солих. Болжам бойынша, террористік ұйымның құрамына Түркияға кеткеннен кейін кірген.

    1988 жылғы Дәурен Сәбитұлы. Болжам бойынша, БАӘ-де оқуда жүріп, қарулы джихад идеясын қолдаған.

    1990 жылғы Думан Сәдуақасов. Болжам бойынша, Сирияға отбасымен бірге аттанған.

    1987 жылғы Данабек Төреханов. Болжам бойынша, Сирияға бауырымен бірге кеткен.

    Еске сала кетейік, бұдан бұрын прокурор Еділ Мұрат аталған тізімдегі Ғазинұр Бақытжанов пен Аманжол Жансеңгіровтің террористік сипаттағы бейнероликтер түсіргенін мәлімдеді.

    Ең кішісі – 22 жаста: Сириядан елге оралған азаматтар жайлы не білеміз

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.