jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Таразда оқушының зорлануы: Тоқаев қала әкімін қызметінен босатуды тапсырды

    : Original

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды бұйырды. Мемлекет басшысы мектеп оқушысының сабақ кезінде даладағы әжетханада зорлануы оқиғасынан кейін осындай шешімге келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Таразда оқушының зорлануы: Тоқаев қала әкімін қызметінен босатуды тапсырды
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда: Twitter

    Қоғамды дүр сілкіндірген жағдайдан кейін президент Жамбыл облысының әкіміне тапсырма берді.

    Сонымен қатар, Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында өңір басшысына ескерту жасағанын жазды.

    "Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым", - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Таразда жетінші сынып оқушысының дәретханада зорланғаны туралы хабарланған еді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, мектеп оқушысы 12 жаста.

    Полицейлер ауыр қылмыс жасаған күдіктіні ізін суытпай құрықтады. Оқушыны мектеп дәретханасында зорлаған азаматты анықтауға бейнебақылау камералары көмектескен.

    Ұсталған ер адам 38 жастағы үйленбеген, бұрын ұрлық жасағаны үшін істі болған азамат болып шықты. Ол Тараз қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

    Артынша күдіктінің осыдан бірнеше бұрын қыз зорлау фактісі бойынша сотталғаны анықталды. Ол төрт жыл түрмеде отырып, бір жылын шартты түрде өткізген.

    Жантүршігерлік жайттан кейін мектеп директоры мен тағы үш қызметкер жұмыстан босатылды.

    Сондай-ақ, елді дүрліктірген оқиғадан соң бірнеше полиция қызметкері жазаланып, мектеп инспекторы да қызметінен шеттетілген.

    Оған қоса, облыстық білім басқармасының басшысы да өз еркімен қызметінен кетті.

    Таразда оқушының зорлануы: Тоқаев қала әкімін қызметінен босатуды тапсырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.