jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Мені кешіріңдер": Ақтөбеде сүйіктісін өлтірген жігіт сотта соңғы сөзін айтты (фото)

    : Original

    Ақтөбеде 22 жастағы қалыңдығының өліміне кінәлі деп танылған 23 жастағы жігітті прокурор 11 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Сот отырысы. Фото: NUR.KZ
    Сот отырысы. Фото: NUR.KZ: Original

    Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қайғылы оқиғаға қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сүйіктісіне қол жұмсаған 23 жастағы сотталушы соңғы сөзінде өзінің анасы мен ғашығының ата-анасынан кешірім сұрады.

    "Мен алдымен Әсемнің ата-анасынан кешірім сұраймын. Мен олардың үміт артып отырған жалғыз қыздарының өліміне себепкер болдым. Өз кінәмді мойындаймын. Менде оған жамандық жасаймын деген ой болмағанын айтып кеткім келеді. Сонымен қатар, өзімнің ата-анам мен туыстарымнан, достарымнан кешірім өтінемін. Соттан заңды және әділ шешім қабылдауды сұраймын", – деді Бақыт Орынбасаров.

    Сотталушы өткен жылы тамызда кісі қолынан қаза тапқан 22 жастағы Әсем Эльбрусованың өліміне айыпты деп танылды. Отбасын құрайын деп жүрген жастардың арасындағы түсініспестік орны толмас қайғыға әкелді. Рұқсатсыз түсік жасатқан қалыңдығына қол көтеріп, жазым қылған жігіт өз әрекетіне өкініп отыр.

    Прокурор сотталушыны 11 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайад, мұны аз көрген жәбірленуші тарап қатаң жаза қолданылуын сұрап отыр.

    Марқұмның анасы Айгүл Бірімжанова. Фото: NUR.KZ
    Марқұмның анасы Айгүл Бірімжанова. Фото: NUR.KZ: Original
    "Мен қызымның әруағы тынышталса деймін. Кінәлі адам жазасын алсын. 11 жыл аз. Осы әділдікті күтіп жүргенімізге жарты жыл болды. Көзімнің қарашығындай үміт артқан қызым еді. Сот әділ шешім қабылдайды деп сенеміз. Осы уақытқа дейін бізге қолдау білдірген баршаңызға алғысым шексіз", – дейді марқұмның анасы Айгүл Бірімжанова.

    Сот үкімі ертең шығарылады.

    Еске сала кетейік, Ақтөбеде тамыз айында қалыңдығын өз қолымен өлтірген жас жігіт сот алдында жауап берді.

    "Мені кешіріңдер": Ақтөбеде сүйіктісін өлтірген жігіт сотта соңғы сөзін айтты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.