jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Түркістан облысының тұрғыны жолдасын аяусыздықпен ұрып өлтірді

    : Facebook

    Түркістан облысындағы кафелердің бірінде жанжалдың соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Ішімдікке сылқия тойған келушілердің бірі жолдасын қатігездікпен ұрып өлтірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Көрнекі сурет: pixabay.com
    Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

    Оқиға 3 қаңтарда Түркістан облысы Жетісай ауданындағы Қарақай ауылдық округінде болған.

    Кафеде отырған екі жігіттің арасында дау туып, соңы қанды қырғынға ұласқан.

    Тергеу деректеріне қарағанда, 50 жастағы жергілікті тұрғын 40 жастағы жолдасының басынан арақтың бөтелкесімен екі рет ұрған.

    Екіншісі алған соққылардың әсерінен есінен танып құлапты. Сонда да күш көрсетуін қоймаған ер адам оның басынан бірнеше рет теуіп, бар күшімен кеудесіне секірген.

    Кафе қызметкерлері мен басқа да қонақтар оны ажыратуға қауқарсыз болған екен.

    Сөйтіп, ашуы тарқаған ер адам түк болмағандай үйіне қайтып кетіпті.

    Оқиға орнына келіп жеткен "жедел жәрдем" қызметкерлері жәбірленушінің қайтыс болғанын анықтаған. Сол кеште полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді.

    "Жетісай аудандық соты ҚР ҚК-нің 99 бабы 1-бөлігі ("Қасақана кісі өлтіру") бойынша айыпталып, ұсталған азаматты тұтқындауға санкция берді. Оған қатысты 2 айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы белгіленді", – деп мәлімдеді Жетісай аудандық сотының үйлестіруші судьясы Мұхтар Жолдасбеков.

    Айыпталушының өзі барлығына ішімдікті кінәлап отыр. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

    Айта кетейік, Ақтөбеде тамыз айында қалыңдығын өз қолымен өлтірген жас жігіт сотта соңғы сөзін айтты.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Түркістан облысының тұрғыны жолдасын аяусыздықпен ұрып өлтірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.