jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Оралда күйеу жігіт тойдан кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болды

    : UGC

    Батыс Қазақстан облысында 20 жастағы жігіт көппәтерлі үйдің 5-қабатынан секіріп кетпек болды. Бірақ, ішкі істер органдары қызметерлері суицидтің алдын алып үлгерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Видеодан кадрлар
    Фото: Видеодан кадрлар: UGC

    Полицияда хабарлағандай, 19 қаңтар күні тағы бес шамасында "102" пультіне қала тұрғындарынан хабарлама келіп түскен. Қоңырау шалған азамат бесқабатты үйдің бесінші қабатында тұрған жігіт секіргісі келетінін айтқан.

    Оқиға орнына патрульді полиция жасағы жіберілді.

    "Оқиға орнына жеткен соң біз үйдің бесінші қабатында жігіт тұрғанын байқадық",- деді тәртіп сақшылары.

    Олардың сөзінше, азамат анасын шақыруды сұраған. Жігіт оны қатты жақсы көретінін, онымен қоштасқысы келетінін айтыпты.

    "Жедел-құтқару жасағын шақырып, шатырға жүгірдік. Менімен бірге жедел қызметі арнайы жасағының қызметкері болды", - дейді полицейлердің бірі, взвод командирі Мұхит Әбілқайыров.

    Тәртіп сақшысы жас жігітпен сөйлесіп, сабырға шақырғанын айтты. Ол осы тұста құқық қорғау қызметкерлеріне жақында отау құрғанын жеткізген екен.

    "Салтанатты шарадан кейін ол әйелімен ұрысып, суицид жасамақ болған", - деді полицей.

    Офицермен сөйлескен азамат оның қолын алмақ болған. Осы уақытта взвод командирі жас жігітті өзіне тартып алған.

    Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері келді. Азамат полицейлерге алғыс айтты.

    Шымкентте жедел жәрдем қызметінің мамандары 15 күндік нәрестені аман алып қалды.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Оралда күйеу жігіт тойдан кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.