jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Трансгендерді зорлады деп айыпталған ҰҚК қызметкерінің соты басталды

    : Instagram

    Алматы облысында атышулы трансгендер Виктория Беркходжаеваны зорлады деп айыпталған ер адамға қатысты сот отырысы басталды. Айыпталушы - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері. Сот отырысы жабық өтіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

    Видеодан кадр/КТК
    Видеодан кадр/КТК: Instagram

    Жәбірленуші Виктория Беркходжаева күдікке ілінген азаматтың тиісті жазасын алғанын қалайды.

    "Жабық сотта болған оқиғалар жайында жіс жармау туралы қолхатқа қол қоюдан бас тарттым. Өзіме қатысты жағдайды не себепті жасырып қалуым керек? Кінәлі адамның айыбын мойындап, жазаға тартылғанын қалаймын", - деді атышулы трансгендер.

    Бұл іске байланысты оның адвокаты Айман Омарова да пікір білдірді.

    "Әбдіқаш Сәни Сатыбалдыұлы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, осы жерде, Іле ауданында жұмыс істеген. 121-ші баптың 2-ші бөлімі, 146 баптың 2-ші бөлімімен айып тағылып отыр. Бүгін сот басталды", - деді Викторнияның қорғаушысы.

    Дереккөз: КТК телеарнасы

    Еске сала кетсек, өткен жылы Алматы облысында жазасын өтеп жатқан трансгендер Виктория Беркходжаева "зорлықтың құрбаны болдым" деп шағымданған. Оның адвокаты Айман Омарова трансгендерді Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің ұятты әрекетке мәжбүрлегенін айтты.

    Кейін күдікті қамауға алынып, тергеу жұмыстары жүргізілді.

    ІІМ трансгендер ісін бақылауға алғанын мәлімдеді.

    Виктория Беркходжаеваның өзі де қазір абақтыда. Ол 2017 жылы Жауғашты түрмесіне бопсалау бабы бойынша айыпталып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Зорлау әрекеті сол түрмеде болған көрінеді.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Трансгендерді зорлады деп айыпталған ҰҚК қызметкерінің соты басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.