jitsu gif
Оқыс оқиға

    Тұрғымбаев қарумен қашып кеткен әскеридің ұсталуына қатысты пікір білдірді

    : UGC

    Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев сенат кулуарында 20 ақпанда Шымкент маңындағы әскери бөлімді өз еркімен тастап, қару алып кеткен Абылай Балғынбайдың ұсталуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Тұрғымбаев Шымкент маңында қашып кеткен сержаттың ұсталуына қатысты пікір білдірді
    Фото: Әлеуметтік желіден алынды, Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

    Журналистер cенат отырысынан кейін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан кеше Шымкент түбіндегі әскери бөлімнен қашып кетіп, өзімен бірге бірнеше автомат пен тапаншаны алып кеткен кіші сержант туралы ақпараттың шындыққа қаншалықты сәйкес келетінін сұрады.

    Жауап ретінде Ерлан Тұрғымбаев сержанттың қызмет етіп жатқан жерінен расымен де кетіп қалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол автомат пен тапаншаларды қолды қылған. Қазіргі таңда сержант ұсталған.

    "Қазір қаруды тәркілеу бойынша тергеу іс-шарасы өтуде. Ертең барлық тергеу әрекеттерін жүргізгеннен кейін, сондай-ақ оның сыбайластары анықталғаннан кейін, біз сіздерге бұл қарудың қайда жасырылғанын, оның қайдан табылғанын және қалай тәркіленгенін хабарлайтын боламыз", - деп уәде етті министр.

    Сонымен қатар Тұрғымбаев тергеудің құпиялығына сүйеніп, бұл іске қатысты өзге де мән-жайды айтудан бас тартты.

    "Тергеу шаралары жүргізіліп жатқанына байланысты және тергеу мүддесі үшін бұл ақпаратты сізге толық бере алмаймын", - деді ол.

    БАҚ өкілдерінің бұл қарулар пайдаланылды ма деген сауалына Тұрғымбаев аталған қарудан әлі ешкімге ешқандай залал келмегенін атап өтті.

    Еске сала кетейік, 20 ақпанда Шымкент қаласына жақын жердегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімінің бірінен келісім шарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшінің өз еркімен кетіп қалғаны хабарланған.

    Дәл сол уақытта қаруды сақтау бөлмесінде атыс қаруының белгілі бір санының жетіспеушілігі анықталған.

    Бұдан кейін аймақта әскериді "Ұстау" операциясы жарияланды.

    Сол күні кешке ІІМ мен ҰҚК қызметкерлерінен құрылған арнайы жедел топ әскери қызметшіні тұтқындағаны белгілі болды.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.