jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Елордалық дәрігер аурухананың алдында жатқан кісі туралы видеоға пікір білдірді

    : UGC

    Бүған дейін желіде Нұр-Сұлтандағы №2 аурухананың алдында белігісіз адамның жатқан видеосы желіде тараған болатын. Бұл жайтқа қатысты сол аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Нұрбол Тұрсынбаев пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

    Кадр видеодан алынды
    Кадр видеодан алынды: UGC

    "Біріншіден, біз COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарды емдейдін ауруханалардың қатарына жатпаймыз. Бізге жедел жәрдем індетке шалдыққан науқастарды әкелмейді.

    Екіншіден, бейнетаспада белгілі бір тұрғылықты жері жоқ ер адамды белгісіз адамдар алып келіп, аурухана алдында тастап кетті. Аурухана қызметкерлерін ешкім ескерткен жоқ. Науқасты көрген сәтте біз оны ауруханаға кіргізіп, қарауға кірістік. Ер адам мас күйде болды. Ауруханаға жатудан бас тартты. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

    Көшеде арбада отырған екінші адам да мас күйде болды. Ол да ауруханаға жатудан бас тартты. Туыстары оны алып кетті. Бүгін оны тағы да мас күйінде ауруханаға алып келді. Қазір оған көмек көрсетіліп жатыр.

    Анық-қаныған біліп алмай қала тұрғындарын желіде жүрген арандатушы роликтерге сенбеуді сұраймыз. Жалған ақпаратты тарататын авторларға әлеуметтік жауапкершілік туралы ойланып, оны есте сақтағаны жөн. Дәрігер маман ретінде барлық қала тұрғындарының өмірін құтқарып жатырмыз. Бізге бекер жала жабудың қажеті жоқ", – деді бас дәрігердің міндетін атқарушы Нұрбол Тұрсынбаев.

    Еске сала кетейік, бұған дейін осыған ұқсас оқиға Семейде орын алған еді. Әлеуметтік желілерде аурухананың алдында жатқан әйелдің видеосы тарады.

    Кейіннен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі аталған виедоға қатысты пікір білдірді.

    Елордалық дәрігер аурухананың алдында жатқан кісі туралы видеоға пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.