jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Қостанай тұрғыны әйелінің сөзінен кейін адам шошырлық әрекетке барған

    қылмыс
    Көрнекі фото: рamirdaily.com

    Әйелін қасақана өлтірген Қостанай тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Ол әйелін бірнеше рет пышақтап, кейін қорғанған сыңай танытып, өзін-өзі жаралаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

    Қостанай облысы мамандандырылған ауданаралық сотының 20 тамыздағы үкіміне сәйкес, айыпталушы азамат Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша ("адам өлтіру") кінәлі деп танылды. 

    Іс материалдары бойынша, әйел ажырасқысы келетінін айтқан. Бұл сөзді естіген күйеуі пышақ ала жүгірген.

    "Ер адам ас үй пышағымен әйелінің мойны мен кеуде тұсына бірнеше рет пышақ сұққан. Әйел алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Күдікті жазадан құтылу үшін өзін-өзі жаралады. Ол әйелінен қорғанбақ болғанын айтты", - делінген үкім мәтінінде.

    Күдіктінің қасақана адам өлтіргені куәгерлердің айтқан сөздері мен сараптамалар нәтижесінде дәлелденіп, 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Марқұмның артында кәмелет жасқа толмаған үш баласы қалған. Оларды әйелдің әпкесі қамқорлығына алды. 

    Естеріңізге сала кетсек, Қарағанды облысына қарасты Шахтинск қаласында 24 жастағы спортшы жігітті пышақтап кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

    Instagram-дағы Қарағанды патриоты парақшасындағы мәліметке қарағанда, жергілікті тұрғындар түнде айғай-шу мен мылтық дауысын, біреулердің төбелескендерін естіген.

    Сонымен қатар осы парақшада Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат та жарияланған.

    Қостанай тұрғыны әйелінің сөзінен кейін адам шошырлық әрекетке барған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.