jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте әскери бөлімнен қару ұрлаған сарбаз 10 жыл түрмеде отыруы мүмкін

    фото
    Көрнекі фото: pexels.com

    Шымкентте әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлаған қашқынға қатысты сот ісі аяқталды. Прокурор айыпталушыларды ұзақ мерзімге қамауды сұраған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Сегіз адам айыпталушы болып танылған.

    Мемлекеттік айыптаушы істің басы күдіктісі Абылай Балғынбаевқа 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын беруі сұраған.

    Бұрынғы кіші сержантқа бірқатар баптар бойынша айыптар тағылды. Соның ішінде әскерден қашу, қызметтің заңмен бекітілген ережелерін бұзу, қару мен оқ-дәрілерді ұрлау және заңсыз беру және сату бар.

    Әскери бөлімнен қару-жарақты ұрлау мен сатуға қатысты деген күдіктілердің бірі Қанағат Орынбекке прокурор 5 жыл колонияда отыру жазасын беруді сұраған.

    Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, ол тергеу барысында келісімге келіп, істеген ісіне өкініп, кәмелет жасына толмаған баласы барын айтқан.

    "Орынбек қылмыстың ашылуына өте көп көмектесті, дәл сол барлық мән-жайды айтып берді. Сондай-ақ, ол бұл қылмысқа кімнің қатысы бар екендігі туралы анықтама берді", - деді прокурор.

    Ал Шыңғыс Шатаевқа прокурор 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын беруді ұсынды. Сонымен бірге басқа айыпталушылар Санжар Бекжан, Бауыржан Дамиров, Бағдаулет Арын, Шадияр Қамбар, Бағдәулет Мәлікке 8 жылдан түрмеде отыру жазасы сұралған.

    Еске сала кетейік, 20 ақпанда Шымкент қаласына жақын жердегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімінің бірінен келісім шарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшінің өз еркімен кетіп қалғаны хабарланған.

    Дәл сол уақытта қаруды сақтау бөлмесінде атыс қаруының белгілі бір санының жетіспеушілігі анықталған.

    Бұдан кейін аймақта әскериді "Ұстау" операциясы жарияланды.

    Сол күні кешке ІІМ мен ҰҚК қызметкерлерінен құрылған арнайы жедел топ әскери қызметшіні тұтқындағаны белгілі болды.

    Кейінірек Абылай Балғынбаев қару-жарақты не себепті ұрлағанын түсіндіріп берді.

    Шымкентте әскери бөлімнен қару ұрлаған сарбаз 10 жыл түрмеде отыруы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.