jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Бургерге апарған: Алматыда кездесуге шақырған жігіт қызды зорлап кетті

    Зорлық
    Фото: vse42.ru

    Алматыда бойжеткенді зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Желіде жігітпен танысқан бойжеткен кездесу кезінде аяусыз зорланғанына шағымдануда. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бұл қорқынышты жағдай туралы ақпаратпен "НеМолчи" қозғалысының көшбасшысы Дина Смаилова бөлісті.

    Смаилованың айтуынша, Instagram әлеуметтік желісі арқылы жігітпен танысып, онымен екі апта бойы хат алмасқан бойжеткен жігіттің кездесуге шақыртуын қабылдайды.

    Жігіттің көлігімен қала аралап, бургерден ауыз тиген ару артынша онымен бірге өзен жағасында серуендеуге келісімін береді.

    Көп ұзамай үйіне жеткізіп салуын сұраған бойжеткенді жігіт күтпеген жауаппен есеңгіреткен. Ол бойжеткенді алдымен зорлауды жоспарлап отырғанын мәлімдепті. Ақыры ойын іске асырып, аяусыз зорлап, соққыға жыққан жігіт көп ұзамай бойжеткенді үйіне жеткізіп салуға уәде береді.

    "Ол көз жасы көл болған бойжеткенді Розыбакиев көшесіне жеткізе бергенде аяқ асты ашуға мініп, кері бұрылып, құрылыс маңында тағы да зорлауға кіріседі. Төрт рет тұншықтырып, есінен тандырардай күйге жеткізеді. Бойжеткенді өлтіретінін айтып қорқытып, тіпті, ол үшін жазаланбайтынын да айтыпты. Әкесі бұрынғы полицей екенімен мақтанып, екі рет жазадан құтылғанын да жасырмаған. Одан бөлек, ағасы прокуратурада екенін де жайып салған", - деп жазды Смаилова.

    Бойжеткен жігіт дәрет сындыруға кеткен уақытта қашып үлгерген. Ол дереу полцияға шағым түсіргенімен, Смаилованың айтуынша, күдікті еркіндікте жүр.

    Алматы қаласының полиция департаменті фактінің тергеуге алынғанын мәлімдеді. Бостандық ауданы полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр екен. Күдікті қамауға алынып, қылмыстық жауапқа тартылды дейді полициядағылар.

    "Бірқатар сараптама тағайындалып, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім шығарылмақ. Іс Қазақстан заңнамасына сай жан-жақты қарастырылып жатыр. Тергеу барысын Алматы қаласы ПД басшылығы өз бақылауына алған", - делінген ПД баспасөз хабарламасында.

    Еске салсақ, бұған дейін біз Қарағандыда ер адам көшеде әйелдің ұялы телефонын тартып алғанын жазған едік.

    Одан бөлек, Алматыда қызды қаққан мас жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқанын жазған болатынбыз.

    Бургерге апарған: Алматыда кездесуге шақырған жігіт қызды зорлап кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.