jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбеде волонтерлікпен айналысатын 26 жастағы жігіт асулы күйінде табылды

    Арқан жіп ілініп тұр
    Көрнекі фото: ukrinform.ru

    Ақтөбеде волонтерлікпен айналысатын 26 жастағы жігіт асулы күйінде табылды. Қайғылы жағдай 5 қазан күні болған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Танымал волонтердің денесі туысының үйінен асылған күйінде табылған. Қазіргі уақытта облыстық полиция департементі қайғылы жағдайға қатысты  анықтау жұмыстарының жүргізіп жатқанын хабарлайды.

    "26 жастағы жігіттің денесі туысқанының үйінен табылды. Себебі анықталуда",- дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Марқұмның достары әлеуметтік желіде оның қайырымдылық шараларына атсалысып, еріктілікпен айналысқанын жазған.

    "Жақын досымыз, волонтерлікпен айналысып жүрген бауырымыздан айырылып қалдық. Ромат өте ақжарқын адам еді. Көмекке әрдайым бірінші келетін. Бұлай болғаны өкінішті. Сенің мейірімді бейнең әрқашан біздің жадымызда болады. Жақындарына қайғыра көңіл айтамыз", - дейді ақтөбелік еріктілер.

    Марқұмның жеке парақшасы мұңға толы жыр шумақтарына толы.  Ақынжанды бозбала "Жүрек", "Жаным", "Өлмеймін", "Елес", "Арпалыс", "Жұмаққа" сынды өлеңдерімен өмірмен қоштасқандай.

    Ромат Мұқашевтің денесі бүгін жер қойнына тапсырылады.

    Айта кетейік, 2 қыркүйек күні елорда полицейлері өз-өзіне қол жұмсамақ болған 16 жастағы қызды құтқарып қалды.

    Ал қыркүйектің басында белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова күздің алғашқы айында суицид көбейетінін ескерткен болатын.

    Ақтөбеде волонтерлікпен айналысатын 26 жастағы жігіт асулы күйінде табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.