jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда қызымен ұрысып қалған 20 жастағы жігіт балконнан секіріп кетті (видео)

    Жігіт балконнан секіріп кеткен
    Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_kz

    Алматыда 20 жастағы жігіт қызымен ұрысып қалған соң үшінші қабаттағы балконнан секіріп кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Бүгін таңертең қаладағы тұрғын үйлердің бірінің аумағында төтенше жағдай орын алды.

    "Үшінші қабатта орналасқан тұрғын үй кешенінің кіреберісінің балконынан 2000 жылы туған ер адам секіріп кетті. Ер адам жарақат алғанымен, аман қалды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді", - деді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Алдын ала ақпарат бойынша, жас жігіт осы үйде тұратын қызымен ұрысып қалған. Полицияның айтуынша, ол өз әрекетін дәл осылай түсіндірген.

    Олардың не себепті ұрысып, жағдайдың қалай өрбігені белгісіз. Алайда жігіт бір ажалдан аман қалып, ол ауруханаға жеткізілген.

    Еске сала кетсек, Ақтөбеде волонтерлікпен айналысатын 26 жастағы жігіт асулы күйінде табылғанын хабарлаған едік. Қайғылы жағдай 5 қазан күні болған.

    Танымал волонтердің денесі туысының үйінен асылған күйінде табылған. Қазіргі уақытта облыстық полиция департементі қайғылы жағдайға қатысты  анықтау жұмыстарының жүргізіп жатқанын хабарлады.

    Айта кетейік, 2 қыркүйек күні елорда полицейлері өз-өзіне қол жұмсамақ болған 16 жастағы қызды құтқарып қалды.

    Ал қыркүйектің басында белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова күздің алғашқы айында суицид көбейетінін ескерткен болатын.

    Алматыда қызымен ұрысып қалған 20 жастағы жігіт балконнан секіріп кетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.