jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Бұрын сотталған қазақстандықтар енді күзетші болып жұмыс істей алмайды

    Күзетші киімі
    Көрнекі фото: 24.kz

    Қазақстанда күзетшілерді жұмыстан шығару себептерінің тізімі жарияланды. Онда соттылықтың болуы және психикалық ақау туралы тармақтар бар. Алайда қазір заңдағы олқылықтарға байланысты мұндай жұмысшылармен келісімшартты бұзу қиынға соғып отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

    Аталған ережені әзірлегендердің айтуынша, заңға сәйкес, әкімшілік кодексті 40 реттен аса бұзғандарды күзет жұмысына алуға болмайды.

    Алайда бұл заңға мұндай нормалар жазылмаған Еңбек кодексі қайшы келіп отыр.

    Депутаттар бұл жағдайды түзету енгізіп, мысалы, психикалық проблемалары бар күзетшілерді жұмыстан шығаруға рұқсат беру туралы шешім қабылдап, керісінше "жағымсыз себептермен" жұмыстан босату жайлы ережені заңнан алып тастауды ұсынды.

    "Бұрын "жағымсыз себептермен жұмыстан шығарылған адамдарға күзетші болып жұмыс істеуге тыйым салатын ережені заңнан алып тастаған жөн, өйткені заңнамада "жағымсыз себептермен жұмыстан шығару" деген ұғым жоқ. Еңбек кодексінде аталған негіздер бойынша еңбек шартын бұзу қарастырылмаған", – деді парламент мәжілісінің депутаты Арман Қожахметов.

    Дереккөз: КТК арнасы

    Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбенің Заречный-2 ауданында той өтіп жатқан мейрамхананың күзетшісі полицейлерге бағынбай, қарсылық көрсеткені туралы жазған болатынбыз.

    Ол сотта құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау туралы әкімшілік іс қаралғанға дейін қамауға алынған.

    Сонымен қатар оралдық тұрғындар жеке күзет агенттігінің қызметкерлерін туысының өліміне кінәлі деп айыптаған еді.

    Бұрын сотталған қазақстандықтар енді күзетші болып жұмыс істей алмайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.